«Жаңа Конституция – педагогтің құқықтық мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі» » №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)34-61-65
Есепші бөлімі:
+7(7262)34-61-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңа Конституция – педагогтің құқықтық мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі»
01
июль
2026

«Жаңа Конституция – педагогтің құқықтық мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі»

   2026 жылдың 1 шілдесінде балабақшамызда «Жаңа Конституция – педагогтің құқықтық мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
     Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру, бала құқықтары және педагог мәртебесіне қатысты негізгі қағидаларды талқылау, педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мектепке дейінгі ұйымдарда құқықтық-патриоттық тәрбиені жүйелі ұйымдастыру.
    Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Конституцияның қоғамдағы маңызы, педагогтің құқықтары мен міндеттері, бала құқықтарын қорғау және азаматтық жауапкершілік мәселелері бойынша пікір алмасты. Өзара тәжірибе бөлісіп, кәсіби ой-пікірлерін ортаға салды.
Осындай тағылымды кездесулер педагогтердің құқықтық мәдениетін нығайтып, кәсіби жауапкершілігін арттыруға және жас ұрпаққа сапалы тәрбие мен білім беруге ықпал етеді.
🇰🇿 Конституция – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, заң үстемдігі мен әділетті қоғамның кепілі!